четверг, 2 января 2014 г.

«Тәуелсіз елдің тұғыры биік»

Мақсаты: Қазақ  елінің  мемлекеттік  тәуелсіздігін  жариялау  жолындағы сан  ғасырлық  күресі  мен соның нәтижесінде қазақ халқының ғасырлар бойы  аңсаған  армандарының  орындалуы  жөнінде  оқушыларға  терең  түсінік беріп, қазақ елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін  арттыру.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, «Желтоқсан ызғары» презентация
Қатысушылар категориясы: № 17 орта мектептің 4 – сынып оқушылары.




Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар және шақырылған қонақтар!
Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың.
Ар шыңдаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін тәуелсіздік азат күн! – дей отырып, «Тәуелсіз елдің тұғыры
биік» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Біздің еліміз жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді.
Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз бен Туымыз құтты болсын!
Ән ұран айтылады.

Жүргізуші: Бабаларымыз мирас еткен, білектің күші, найзаның  ұшымен біріктіріп ел еткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына биыл 22- жыл.Әрине тәуелсіздік алу оңай  жолмен келмегені баршамызға аян.
   Тәуелсіздік –халқымыздың бостандығы мен дербес  даму жолындағы сан ғасырлық күресінің нәтижесі. Бүгінде Қазақстан Республикасы әлеміндегі дамушы елдердің қатарында.  Бірлігі мен тірлігі жарасқан ынтымақты елге айналды.
Клип
   Жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздікке қазақ халқы оңайлықпен жеткен жоқ. Киелі жері мен қастерлі халқын қорғау үшін небір қиындықтарды бастан өткізді. Қазақ жеріне жүргізілген жоңғар шапқыншылығы, патшалық Ресейдің отарлық саясаты және соған қарсы ұлт-азаттық боздақтарыннан айырылып, орны толмас шығынға ұшырады.
 Біздің  ата –бабаларымыз Алатау, Алтай , Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені талай ғасырлар бойы басқыншы жаудан қорғап келді Бостандық пен тәуелсіздік жолында күрескен Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасым мен Абылайхан  батырларымызды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін адал қызмет еткенін үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан  етеміз.

Ән орындалады «Елім менің»
Орындайтын:
  Жүргізуші: Небір қиындықтарды басынан өткізген  қазақ  халқының соңғы рет бір серпілуі-1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болатын. Бұл көтеріліс өршіл намыс пен мұқалмас жігердің Қайрат, Ербол, Ләззат және Сәбира  сынды жүздеген, тіпті мыңдаған жастар бейнесінде лапылдап жанған алауы. Солардың қажырлы қайраты мен жастық тегеуріні  нәтижесінде Желтоқсан алаңында  тәуелсіздік  таңы атты. Олай болса «Желтоқсан көтерілісі» туралы видеороликке көңіл аударайық.
(Желтоқсан көтеріліс экраннан «Желтоқсан желі» видеоролигі  көрсетіледі)

Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жария ететін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң» қабылдады.
   Тәуелсіз Қазақстан –демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде дүниеге келді.
   Тәуелсіздік туралы өлең оқылады.
1.Оқушы
Тәуелсіздік- ардақты асыл ұғым
Тәуелсіздік- қасетті ұқсаң сырын
Тәуелсіздік  алған ел  бақытты ғой
Тәуелсіздік жайында – осы жырым.

2.Оқушы
 Желтоқсан- заман толғағы байтақ даланың
Шарпысқан сәті үмітпен күдік наланның
Қайрат, Ләззат, Ербол , Сабиралар,
Осылар  желтоқсанда  қаҺармандар
(Желтоқсан  құрбандары слайд  көрсетіледі)

Жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Елбасының бастамасымен еліміз үшін дамудың, мемлекетті нығайтудың, тәуелсіздікті берік ұстап, әлемдік қауымдастыққа дербес ел ретінде орнығудың зор мүмкіндігі туды. Осылайша қазақ халқы басқа түскен қиыншылықтарды артқа тастап, ғасырлар бойы ұмыт  бола бастаған  тілі мен салт- дәстүрін, өз тәуелсіздігімен бірге қайта жаңғыртты.
Ән орындалады. «Көк тудың желбірегені»
Орындайтын:

Жүргізуші: Балалар  біздің Елтаңба ,Мемлкеттік туымыз, Әнұранымыз бар.
Енді мен сіздерге мынадай сұрақ қойсам. Сіздер жауабын айтуға дайындалыңыздар.
(Экранда Елтаңба, ту тұру керек)
1.Елтаңба авторлары кім?
(Жауабы: Ж.Мәлібекұлы, Шота Уәлихан)
2.Мемлкеттік тудың авторы кім?
(Жауабы: Шәкен Ниязбеков)
3.Әнұран авторларын атаңыздар?
(Жауабы: Сөзі Жұмекен Нәжмеденов,Нұрсұлтан Назарбаев
                 Әні: Шәмші Қалдаяқов)
4 Мемлкеттік туда қандай құс бейнеленген?
(Бүркіт)
5. Қазақстан Республикасынның Конституциясы қай жылы қабылданды?
(Жауабы: 1995 жылы 30 тамызда)
6. Ұлттық тенге күні қай жылы енгізілді?
(Жауабы: 1998 жылы 15 қарашада)
Жүргізуші:  Тәуелсіздік –елдіктің киелі кепілі, келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны. Тәуелсіздік қасиетті ұғым. Олай болса, Тәуелсіздік қандай мағына беретінін балалар талдап  берсін.
(Оқушылар ортаға шығып кезектесіп мағынасын түсіндіреді.)
Т- білдіреді теңдікті
Ә- әдептілік,өрлікті
У-  уайымсыз уақытты
Е- егемендік, елдікті
Л-  дейді лағып лепірме
С- сенімділік секілді ең
І- ілтипат пен ізет қой
З- зиялық тілек қой
Д- шақырады достыққа
І- ілкімді боп сақтыққа
К- дейді күн боп көктегі, көз алартпа көршілерге қол сұқпа.
Балалар сіздерге көп-көп рахмет, тәуелсіздіктің мағынасын өте жақсы талдадыңыздар.
    Енді тағы да сайыс ұйымдастырсақ.
1. Тәуелсіздік бізге не берді? Сіздердің ойларыңыз
2. Тәуелсіз елдің ұланы қандай болу керек?

Жауаптары
1.Тәуелсіздік дарынды балаларға арналған мектепте білім алуға жол ашты.
А) Тәуелсіздік ана тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік берді.
Б) Тәуелсіз елдің ұландары бақытты.
а)Тәуелсіз елдің ұланы ана тілін, ата тарихын бай дәстүрін қадірлейді.
б) Тәуелсіз елдің ұланы қай елде білім алса да Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосуға  міндетті.

Жүргізуші:  Тәуелсіздік мерекеміз құтты болып, көк байрағымыз мәңгі желбіресін! Бүгінгі мәдени шарамызға қатысқан барлық оқушылар мен ұстазадарға көп-көп рахметімізді айтамыз. Қош сау болыңыздар!


Қорытынды
Құрметті оқушылар! Сіздер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ал еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік  рухты болса-ол елдің еңсесі де биік болады.
   Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолымызда. Туған елдердің өркениетті мемлекеттермен тең  ететін сіздерсіздер. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!





Пайдаланған әдебиеттер
1.Алтаева А. «Қазақстаным –қара шаңырағым»  [Мәтін] / А. Алтаева.- Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- №9-2008.- Б.23-26
2. Әскербекова С «Ұмытылмас желтоқсан» [Мәтін] / С. Әскербекова
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - №2-2008. - Б.29-32
3.Дауталиева Г «Тәуелсіздік –ел тілегі» [Мәтін] /  Г. Дауталиева
Қазақстан әдебиеті және мемлекеттік тіл. -  №5-2012.- Б.26
4. Байниязова С. Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың. [Мәтін] / С. Байниязова   Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - №11-2011.- Б.12-14
5.Сапорва Г. Біздің Отанымыз –Қазақстан мұғалімі [Мәтін] / Г. Сапарова . -  №2-2008.- Б.3-5
6. Тілеуберденова Қ. Желтоқсан ерлік тарихымыз. [Мәтін] / Қ. Тілеуберденова. - Сыныптағы тәрбие. - №6-2008.- Б.23




Хаттама

Іс-шараның тақырыбы Тәуелсіз елдің тұғыры биік
Өткізу түрі: Тарихи сағат
Өткізу күні және уақыты:10.12.2013 ж. Сағат 15-00
Өткізген орны:№ 17 мектеп
Қатысқаны: 22
Қатысушылар категориясы : № 17 мектеп, 4- сынып оқушылары
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, тәуелсіздік  монументінің  фотосы, Қазақстан  рәміздері, «Тәуелсіздік тұғыры»  атты слайд.
Мақсаты: Оқушыларға сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің қадір-қасиетін айшықтап жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Қазақ  елінің  мемлекеттік  тәуелсіздігін  жариялау  жолындағы сан  ғасырлық  күресі  мен соның нәтижесінде қазақ халқының ғасырлар бойы  аңсаған  армандарының  орындалуы  жөнінде  оқушыларға  терең  түсінік беріп, қазақ елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін  арттыру.



Дайындаған және өткізген:
Лайленходжаева Қ.Қ.

Комментариев нет:

Отправить комментарий