пятница, 20 марта 2015 г.

«Армысың, Әз-Наурыз!»
Ұлыстың қадам басып ұлы күні,
Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.
Көңіл де наурызбенен шешек атсын,
  Жүректің сарқылмасын жылылығы –
демекші, Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Әз Наурыз әр қазақ асыға күтетін ерекше мереке. 

Наурыз тойының мән мағынаға толы өзіндік дәстүрлері де көп. Солардың бірі өгіз сойып қазан көтеру және дастархан жайнату. Жас жігіттер ошақ басында өгіз сойып, қанын ойнап жүрген балалардың маңдайына жағады. Ал қыз келіншектер тоқшылық пен ырыс жоралғысы ретінде дәмді тағамдарды молынан әзірлеп, дастархан жасайды. «Наурыз мерекесін аста-төк молшылықпен атап өту келер жылдың берекелі болуына ықпал етеді» - дейді данагөй қариялар. Наурыз мейрамы бейбітшілік пен ынтымақтастық аясында жиырма жылдан астам бірлікте, татулықта ғұмыр кешіп жатқан Қазақ елінің түкпір-түкпірінде тойланатыны сөзсіз. Әр қала, әр аудан, әр ауыл үлкен той жасап, киіз үйлер құрып, наурыз көже пісіріп, ұлттық нақыштағы мерекені ұлықтауға үлес қосып жатқаны айдан анық. «Көп түкірсе көл болады» деген ниетпен Қостанай қаласы, ҚБ «Западный» кітапханасы да Наурыз мерекесін тойлауды жыл сайынғы әдетке айналдырған.



 Біздің кітапхана № 17 мектептің 7-сынып оқушыларымен «Наурыз тойы – тамаша, Наурыз тойы – жаңаша» атты мерекелік іс-шара өткізді. Бұл мерекеде оқушылар ән айтып, би билеп, Наурызға арналған тақпақтарын оқып өз өнерлерін көрсетті. Қыз ұзытылған кезде айтылатын «Сыңсу» салт – дәстүрі көрсетілді. «Сақина салу» және «Қол күрес» ұлттық ойындары ойналды. Ойында жеңіп шыққан балаларға сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамы «Наурыз көже» ұсынылды. Мереке соңында Қызыр ата балаларға бата берді. Балалардың қол өнерлерінен дайындалған көрме және «Наурыз – ұлыстың ұлы күні» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.



Комментариев нет:

Отправить комментарий