Кітапхана қызметкерлері
қалалық мүмкіндігі шектеулі жандарға 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті
күніне арнап «Елбасы – елімен бірге» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мақсаты:
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,
туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке,
азаматтыққа тарту, ұлттық патриоттық сезімді
ояту. Президент күніне арналған іс-шара екі тілде өткізілді. Тұңғыш
Президент туралы бейнебаян, слайд көрсетілді және өнерпаздар өздерінің ән –
шашуларын тарту етті. Алғыс ретінде осы мерекеге келген көрермендер де өз
өнерлерін көрсетті.
Комментариев нет:
Отправить комментарий