Наурыз мерекесіне арналып «Жыл басы -
Наурыз, мол болсын дәм – тұз!» мерекелік
іс – шара өткізілді. Бұл мерекеге «Алтын жас» мүшелері шақырылды. Олардың
назарына «Арулар» клубының қыздары дайындаған «Қыз сыны» байқауы және әндері мен
билері ұсынылды. Бесікке салу салт – дәстүрі көрсетілді. Е. Өмірзақов атындағы
филармонияның өнерпаздары
мерекелік ән – шашуларын сыйға тартты. Мерекелік дастархан жайылып, қазақтың
ұлттық тағамы «Наурыз көже» ұсынылды. «Наурыз – жыл басы» слайды көрсетілді. «Наурыз – ұлыстың ұлы күні» атты тақырыптық сөре
ұйымдастырылды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий